Алматы облысының тұрғындары карантин басталғалы бері ХҚО-ның бірыңғай терезесінен 5700 ден астам дайын құжатын алып кеткен. Бұл құжаттардың басым бөлігі карантин барысында онлайн рәсімделген, қалған бөлігі – ХҚО жабылғанға дейін.
Естеріңізге салайық, 26 наурыздан бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылған болатын. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қазақстандықтар үшін бұдан бұрын өтініш берілген, сондай-ақ электронды форматта тапсырыс берілген қызметтер бойынша дайын құжаттарды алып кетуге болатын бірыңғай терезені іске қосты. Бұл үшін әр қала мен аудандарда бір-бір ХҚО белгіленген болатын.
Дайын құжаттарды көбіне Талдыкорган , Қарасай , Іле, Жамбыл Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары алған.
Бірыңғай терезеде берілген құжаттардың дені – АХАТ құжаттары, жүргізуші куәліктері, көліктің техникалық паспорты мен тіркеу нөмірлері, жылжымайтын мүлік пен жер учаскелерінің құжаттары, сондай-ақ жеке куәлік пен паспорт.
Бұл ретте, ТЖ басталғалы бері қазақстандықтар egov.kz электронды үкімет порталы мен eGovKzBot2.0 телеграм-боты және eGovMobile қосымшасы арқылы қызметті онлайн түрде алған.
Дайын құжаттарды беру терезелерінің жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма 9.00-ден 17.00-ге дейін. Сенбі – сағат 9.00-14.00 аралығы.
Дайын құжаттарды беруге арналған қалалық және аудандық бөлімдердің тізімін мына жерден көруге болады: gov4c.kz
《Азаматтарға арналған үкімет》 мемлекеттік корпорациясы》
КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалы
Талғар аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімі