Алматы облысында Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарының екі тұрғыны коронавирустан жазылып шықты, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
1993 және 1999 жылы туған пациенттер Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасынан шығарылды.
COVID-19 инфекциясының бар-жоқтығын анықтау үшін қайталай жасалған талдау екеуінің де ем алғаннан кейін толық айыққанын анықтаған.
Атап өтсек, 30 сәуірде Алматы облысында коронавирустан айыққандар саны 12-ге жетті.
Талғар-ақпарат