Ескелді ауданына қарасты Алдабергенов ауылдық округінің тұрғыны 33 жастағы ана үш ұлды дүниеге әкелді, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда дәрігерлер балаларға ерекше күтім жасап жатыр. Ана жайлы айта кетсек, Имангабулова Маржан мектепте ағылшын тілінен сабақ береді. Бұл отбасының бұрыннан 2 баласы бар. Бір күн ішінде Маржан Мәуленқызы көпбалалы ана атанды.
Әзірге үшем мен олардың анасы перзентханадан қашан шығатыны белгісіз. Олар дәрігерлердің бақылауында.
Талғар-ақпарат