Бүгін Алматы облысы, Қарасай аудандық орталық ауруханасының инфекциялық ауруханасынан 1952 жылғы азамат індеттен айығып шықты. Бұл – Қарасай ауданы «Олимийская деревня» 19 км тұрғыны, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Бұл азамат ауруханаға 11 сәуірде түскен еді. Емделушіге 26-27 сәуірде қайталай жасалған анализдің нәтижесі теріс болып шықты.
Атап өтсек, бұл – Қаскелең қаласындағы ауруханадан коронавирус індетінен жазылып шыққан 9-шы, ал облыс бойынша 10-шы адам.
Талғар-ақпарат