Алматы облысында COVID-19 инфекциясымен тағы 3 тұрғын ауырды

Алматы облысында  COVID-19 инфекциясымен тағы  3 тұрғын ауырды

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында коронавирус жұқтырған 3 жағдай тіркелді, — деп хабарлайды Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі.

Сырқаттанған 1992, 1999 жəне 1972 жылы туған азаматтар бұған дейін ауырғандармен тығыз байланыста болған. Олар Шелек ауылындағы аудандық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды.

Науқастармен қарым-қатынаста болған 2 адам үй карантинінде, вирусологиялық зерттеу жүргізіліп жатыр.

Сөйтіп, Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 100-ге жетті.

 

Талғар-ақпарат