Бүгін Алматы облысында коронавирусты тағы 13 адамның жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Олардың 9-ы — Іле ауданының, 3-еуі – Қапшағай қаласының тұрғындары болса, 1-еуі Украина азаматы, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Олардың ең кішісі — 8 айлық сәби, ең үлкені — 1952 жылы туған азамат. Олармен 39 адамның қарым-қатынаста болғаны анықталды. Байланыста болғандардың барлығы дәрігерлердің бақылауына алынды, вирусологиялық зерттеу жүргізілуде.
Сөйтіп, Алматы облысында індет жұқтырғандар саны 86-ға жетті.
Талғар-ақпарат