Қапшағай қаласының маңындағы демалыс орындарының біріне орналастырылған Теңіз кеніші қызметкерлерінен COVID-19 инфекциясына анализ тапсырған болатын. Бүгін сол зерттеулердің қорытындысы белгілі болды. 64 азаматтың барлығының қорытындысы теріс болып шықты, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Екі күн карантинде болған Алматы облысының осы тұрғындарын бүгін арнайы көліктермен тұрғылықты жерлеріне жеткізу ұйымдастырылады.
Еске салсақ, кеше Атырау – Алматы әуе рейсімен келген «Теңізшевройл» ЖШС-да жұмыс істейтін Алматы облысының 64 тұрғыны Қапшағай маңындағы «Күншуақ» демалыс орнына орналастырылып, карантинге алынған болатын.
Талғар-ақпарат