Бүкіл әлем күресіп жатқан COVID-19 індеті біздің елімізде де тоқтаусыз жалғасуда. Осыған орай Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайдың мерзімін ұзартақаны баршамызға мәлім. Біздің халқымыз талай нәубетті басынан кешірген халық екені тарихтан белгілі. Қандай қиыншылық болса да мойымаған төзімді, сабырлы халық. «Ешқашан төзіміңді жоғалтпа: ол есікті ашатын соңғы кілт» — деп Антуан де Сент-Экзюпери айтқандай, қандай қиындық көрсе де, бірлігі мен ынтымағын сақтай білген, батыр халық десем артық айтқандық емес. «Шыдамдының айы оңынан туар» — деп Жүсіп Баласағұни айтқандай, дәл қазір үйде отырған әрбір адам шыдамдылық танытқаны дұрыс деп ойлаймын. Мемлекетіміз халыққа барынша мүмкіндіктерін жасап, қолдау көрсетіп, көмектерін аямауда.Осындай төтенше жағдай кезіндегі өткізіліп жатқан іс-шараларды біздің мектебімізде ұйымшылдықпен ұйымдастырып,көпбалалы ата-аналарға, мұқтаж жандарға өз көмектерін көрсетуде. «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» — деп Мұхтар Әуезов айтпақшы, қашықтықтан оқыту кезінде де шәкірттерінің жанынан табылып, түсінбегенін қашықта болса да асқан жауапкершілікпен түсіндіріп, бар білімін ұғыныдырып жүрген ұлағатты ұстаздарымыз да құрметке лайық. Аяулы да қадірлі ұстаздар, біз сіздермен біргеміз! Сонымен қатар осы індетпен күресу жолында аянбай еңбек етіп, бар ауыртпалықты мойнымен көтеріп, әрбір науқастың жанынан табылып жатқан ақ халатты абзал жандарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Адам жанының арашашысы, абзал жандар, біз сіздермен біргеміз!
«Бірлігі мықты елді, жау алмас», — дейді халық даналығында. Иә, бұл рас. Біз мықтымыз! «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі мықты ел озады» демекші, бірлігі мықты, іргесі берік елміз! Біз жеңеміз! Біз біргеміз!
Райхан Кунысбаева,
«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар
№ 24 жалпы білім беретін орта мектебі» МКМ
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі.