Білім беру реформасы — Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құрал екендігін ескере отырып, Талғар қаласындағы N49 ЖББ орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесі де lV тоқсанды бұрынғыдан ерекше қашықтықтан бастады.
Бұл тоқсанның төтенше жағдайға байланысты, басталуы- бәріміз үшін үлкен сын болғаны рас.
Мектептің білікті ұстаздарының ақпараттық және телкоммуникациялық технологияларды меңгеруі- білім мен дағдыны білім алушыларға алшақтыққа қарамай жеткізе білуінде.
Осыған дейін, көктемгі демалыс кезеңінде ұстаздар » Kundelik.kz»-ке қосымша «Bilim.land», «Daryn.online» платформасын ерінбей үйреніп, аянбай еңбек етті.
Қысқа уақыттағы тынымсыз еңбек, іздену мен тәжірибелердің жақсы нәтижесін ҚО-дың бірінші аптасынан-ақ, көруге болады.
Әрине, сапалы білім мен саналы тәрбие беру , ҚО барысында
МҰҒАЛІМ+ОҚУШЫ+АТА-АНА үштігінің маңызы зор.
Бұл орайда қысқа уақыт ішінде алда тұрған қиындық пен қорқыныш ұйымдасқан әкімшілік, жаңашылдыққа бет бұрған білімді мұғалімдер мен ата-ананың қолдауы арқасында тез шешімін таба білді.
Кешегі күнге дейін, тіршілік қамымен жүрген ата-аналарымыз бүгінде ұл-қыздарымен бірге кітап оқып, мұғалім+оқушы+ата-ана арасында сенімді сыйластық пен қарым-қатынастың нығая түсуіне, мұғалімдер мен оқушылардың белсенділігін арттыруға қолдау болып отыр.
Мектеп бойынша, барлық білім алушыға ҚО қолжетімді болып отырғанын айта кеткен жөн.
«Бір жағадан-бас, бір жеңнен-қол», » Жұмыла көтерген -жүк жеңіл», «Жақсы сөз-жарым ырыс» деген аталы сөзді ұран еткен Ұжымбыз.
Қазіргі сын сағаттарда ұжым болып, мұқтаж отбасыларға қайырымдылық жасап, «Біз біргеміз» ұранымен қол ұшын созудамыз.
Әлем елдерін жайлаған қауіпті індетті ауыр сынақ деп түсінеміз. «Бір қайғының -бір қуанышы, бір күйініштің-бір сүйініші болады»,- демекші, уақытша берілген сынақты жеңіп шығатынымызға үлкен үміт артып отырғанымызды жасыра алмаймыз.
Жаңа қадам, жаңа талпыныс кезеңінде білім алушыларға психологиялық қолдау көрсетуге, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы бір-бірімізге бағыт-бағдар беру, интернет арқылы ұйымдаса отырып, жұмыс жүргізу- мектеп ұстаздары тарапынан жалғасын табуда.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты үндеуінде:
Әрине, қалыптасып отырған жағдай оңай емес. Бұл-бүкіл әлем мемлекеттеріне түскен зор ауыртпашылық. Біз осындай сын сағатта тигізетін халқымыздың төзімділігі, ерік-жігері және өзіне деген зор сенімінің арқасында міндетті түрде жеңіп шығамыз. Дәл осы тұста халқымыздың әрдайым үлкенге- құрмет көрсетіп, кішіге қамқор болатын абзал қасиеттері септігін тигізеді деп сенемін. Қиындыққа қайыспай, белімізді бекем буып, береке-бірлігімізден айырылмайық»,-деп атап өтті.
Елбасының халыққа арнаған жүрекжарды ой-тілегі әрқайсымызды салиқалы ойларға жетелейді.
Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай: » Ең бастысы шыдамдылық, төзімділік танытайық!»
Бұл да өтеді. Аман болайық!
Ел -жұртымыздың амандығы мен саулығы үшін тәртіпке бағынып, үйде отырайық!
Шынында, қандай қиындық болса да сабыр мен бірліктің арқасында жеңіп шығуға болады.
«Bizbirgemiz’ «Uidebol»
Алмагул Асанова,
аудандық №49 жалпы білім беретін орта мектептің директоры.