Бүгін Алматы облысында тағы 3 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Іле ауданы Өтеген батыр кентінің тұрғындары – 1967, 1975 және 1999 жылы туған азаматтардың мұрнынан жағынды алу мен COVID-19 инфекциясына алынған анализдерінің нәтижесі оң болып шықты. Қазір оларды Қарасай аудандық орталық ауруханасының инфекциялық бөліміне жеткізу жұмыстары ұйымдастырылуда.
Сырқаттардың жалпы саны 132 адаммен, соның ішінде 13-імен үй ішінде, 219 адаммен жұмыста және сыртта қарым-қатынаста болғаны анықталды. Олардың барлығы қазір дәрігерлердің бақылауына алынды.
Сонымен, Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 53-ке жетті.
Талғар-ақпарат