Алматы облысында тағы 6 адам коронавируспен ауырды

Алматы облысында тағы 6 адам коронавируспен ауырды

Бүгін Алматы облысының Іле ауданында — 1, Еңбекшіқазақ ауданында 5 тұрғын COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталды, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгін сырқаты тіркелген Іле ауданының тұрғыны — бұған дейін ауырған 1967 жылғы пациенттің күйеуі. Ол қазір Қарасай аудандық орталық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды. Онымен байланыста болған 5 адам Іле аудандық орталық ауруханасының карантин бөлімінде.

Ал Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылының 5 тұрғынының 4-еуі бұған дейін вирус жұқтырған 2006 жылғы пациентпен бір үйде тұрған азаматтар. Ал 5-ші азамат жіті респираторлық вирустық инфекциямен медициналық көмекке жүгінген. COVID-19 инфекциясы анықталған 5 азамат та Еңбекшіқазақ аудандық орталық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды.

Сөйтіп, Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны 50-ге жетті, ал жазылып шыққандар – 9.

Талғар-ақпарат