Бүгін Алматы облысында коронавирус диагнозымен 4 адам тіркелді

Бүгін Алматы облысында коронавирус диагнозымен 4 адам тіркелді

Бүгін Алматы облысында Еңбекшіқазақ ауданының — 3, Кербұлақ ауданының 1986 жылы туған, жүктіліктің 23-24 аптасындағы 1 әйелдің коронавируспен ауырғаны анықталды, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қазір барлық науқастар Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. Олардың байланыста болған адамдары анықталуда.

Жалпы 16 сәуір күнгі жағдай бойынша Алматы облысында індетпен ауырғандар саны 29 адамға жетті. Оның 7-еуі жазылып шықты.

Талғар-ақпарат