Өңірде індеттен жазылғандар саны 7-ге жетті

Өңірде індеттен жазылғандар саны 7-ге жетті

Бүгін Еңбекшіқазақ ауданында коронавирус диагнозымен тіркелген алғашқы науқас ауруханадан шығарылды. Ол облыс бойынша аталған індеттен жазылған 7-ші адам, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Науқастанып, жазылып шыққан 59 жастағы азамат — Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының тұрғыны. Ол 26 наурызда Өзбекстаннан үйлену тойында болып келген. 28 наурызда шұғыл медициналық көмек бригадасы оны Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйдібек би ауылындағы ауылдық аурухананың обсервациялық бөліміне жеткізген. Науқаспен қарым-қатынас жасаған 13 адамнан ауруханада вирусологияға талдау алынды. Олардың барлығының нәтижесі теріс болып шықты.

Науқасқа 14 сәуірде қайта жасалған талдау қорытындысы теріс нәтиже көрсетті. Пациенттің шағымы жоқ, жағдайы қанағаттанарлық.

Сонымен Алматы облысында коронавирустен жазылғандар саны 7 адам болды.

 

Талғар-ақпарат