Алматы облысында коронавирус инфекциясынан екінші адам жазылып шықты

Алматы облысында коронавирус инфекциясынан екінші адам жазылып шықты

Бүгін Қарасай ауданындағы Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханасынан короновирус диагнозы бойынша ем қабылдаған адам толық емделіп шықты, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

1979 жылы туған әйел 27 наурыз күні аурухана түскен болатын. Хаттамаға сәйкес барлық ем-дом шараларын қабылдағаннан кейін, оған 13 сәуір күні екінші қайтара жасалған талдау нәтижесі теріс болып шықты.

Емделуші Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан келген. Пациент 6 адаммен қарым-қатынаста болған. Олардың барлығы дәрігерлер бақылауында болды. Еске салсақ, 14 сәуірдегі жағдай бойынша Алматы облысында Covid19 инфекциясынан екі адам емделіп шықты. Олардың екеуі де — Қарасай ауданының тұрғындары.

Талғар-ақпарат