Алматы облысында індет жұқтырған тағы бір науқас тіркелді, — деп хабарлайды Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі.
Ол — Қарасай ауданы «Олипийская деревня» 19 км тұрғыны. Ауруханаға жатқызылған науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Пациентпен 11 адам қарым-қатынаста болғаны анықталып, олардың барлығы да дəрігерлердің бақылауына алынды.
Атап өтсек, 14 сəуір күнгі сағат 08.00-дегі жағдай бойынша Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 22 адамға жетті. 4 науқас дерттен жазылып шықты.
Талғар-ақпарат