Бүгін Алматы облысында коронавирус диагнозымен тіркелген алғашқы емделуші ауруханадан шықты. 20 наурыз күні коронавирус диагнозымен түскен азамат Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханасында толық ем алып, үйіне шығарылды.
Қарасай ауданы, Қырғауылды ауылының тұрғыны 1985 ж туған азамат 17 наурыз күні Меккеден Түркия мен Қырғызстан елдері арқылы Алматыға келген. Емделушіге 08.04.2020 ж. жасалынған қайта талдау нәтижесі теріс екенін көрсетті.
Пациентпен қарым-қатынас жасаған 2 азамат пен олардың отбасы шұғыл оқшауланып, дәрігерлер бақылауына алынған. Талдау қорытындысы теріс.
10 сәуір 2020 жылғы жағдай бойынша Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханасында коронавирус диагнозы анықталған 7 адам ем қабылдап жатыр. Денсаулықтары қанағаттанарлық. Дене қызуы бірқалыпты. Шағымдары жоқ.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі