Біз біргеміз!

Біз біргеміз!

Мен Қазақстан Республикасының азаматшасы ретінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының кешегі халыққа жолдаған пікіріне толықтай қосыла отыра, осынау қиын сәтте бір- бірімізге қолдау көрсетіп, түрлі арандатушыларға сенбей бірлікте болуымыз керек екенін айта кеткім келеді. Осы қиын қыстау сәтте біздің бауырмал, жанашыр қамқор халық екеніміз тағы бір мәрте дәлелденді. Осындай қиын-қыстау сәт туғанда Елбасымыз да, ел Президенті де, «Nur Otan» партиясы да өз елінің қиындықта қалмауын мұқият қадағалап, халық қажеттілігін қамтамасыз етіп келеді.

Басымызға «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын» сын сағаты туып тұр. Осы сәтте ел Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың Үндеуі де абыржыған халыққа басу айтып, сабырға шақырғандай әсер етуде. Ал, «Nur Otan» партиясы да өз кезегінде мұқтаж жандарды азық-түлікпен қамтамасыз етуге барынша атсалысып еңбек етіп отыр.

Халықтың күші қашанда бірлікте! Ауызбіршілікпен, тәртіпке бағына отырып әрекет етсек, бұл індетті де жеңіп, ел еңсесі көтеріліп, еркін күндерге де аяқ басамыз!

 Гүлназ Кеңесбаева,

Нұра ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі

әдіскер-нұсқаушысы.