Коронавирус инфекциясын жұқтырған 15 адам анықталды

Коронавирус инфекциясын жұқтырған 15 адам анықталды

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 15 адам анықталды, жалпы  685 жағдай тіркелген, деп хабарлайды ТалғарАқпарат coronavirus2020.kz сілтеме жасап.

2020 жылғы 7 сəуірде сағат 14:10-дағы коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық ахуал бойынша, Шымкент қаласында – 1, Қарағанды облысы – 7, Жамбыл облысы – 5, Қостанай облысы – 2 адам тіркелген.

Елімізде коронавирус жұқтыру бойынша барлығы 685 жағдай тіркелген. Олардың ішінде: Нұр-Сұлтан қ. – 222, Алматы қ. – 119, Қарағанды облысы – 55, Қызылорда облысы – 54, Жамбыл облысы – 45, Ақмола облысы – 42, Түркістан облысы – 33, Атырау облысы – 32, СҚО – 25, Шымкент қ. – 20, Ақтөбе облысы – 11, Алматы облысы – 10, ШҚО – 6, Маңғыстау облысы – 5, Қостанай облысы – 3.

Талғар-ақпарат