Коронавирус індеті тағы 12 адамнан анықталды

Коронавирус індеті тағы 12 адамнан анықталды

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 12 адам тiркелдi, деп хабарлайды ТалғарАқпарат.

2 сәуір 23:15 сағаттағы ақпарат бойынша олар мына қалаларда белгілі болды: Солтүстік Қазақстан облысында — 3 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 6 адам, Атырау облысында — 1 адам, Жамбыл облысында — 1 адам, Шығыс Қазақстан облысында — 1 адам.

Coronavirus2020.kz-тің мәліметі бойынша осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 199 адам, Алматы қаласында – 91 адам, Қарағанды облысында — 21 адам, Ақмола облысында — 19 адам, Атырау облысы — 19 адам, Жамбыл облысында -6 адам, Шымкент қаласында — 11 адам, Шығыс Қазақстан облысында — 3 адам, Алматы облысында — 9 адам, Ақтөбе облысында — 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 11 адам, Павлодар облысында — 1 адам, Маңғыстау облысында — 1 адам, Қызылорда облысында — 26 адам, Батыс Қазақстан облысында — 2 адам, Түркістан облысында — 11 адам, жалпы 435 науқас тіркелді.