Күні кеше ел Президенті Қасым-Жомарт Токаев халыққа орын алып отырған қиындыққа байланысты өз үндеуін жариялағаны мәлім. Өз кезегінде халықпен бірге екенін білдіріп, ел ертеңінің жақсаруына қатысты біршама жеңілдіктерді атап айтты. Дер кезінде қабылданған шешім оң нәтиже беретініне сенімім мол. Аталған індетпен жан аямай күресіп жатқан барша ақ халатты абзал жандар мен ел тыныштығын күзетіп жүрген әскерилердің жұмысына тәнтіміз. Елім деп еміреніп, халқым деп қамқорлық жасап жатқан атпалдай азаматтарымыздың саны көбейсе екен. Сонымен қатар ауданымыздағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетіп жатқан аудан әкімдігіне, «Nur Otan» партиясына және «Jas Otan» жастар қанатының жұмыстарына сәттілік тілейміз. Ел президенті айтқандай «батпандап кіріп, мысқылдап шығатын» осы бір дерттің дендеуіне жол бермейтін тиісті талаптарды бұлжытпай орындауға әрбіріміз жауапкершілік танытуға тиіспіз. Сын сағатында барлығымыз сабырлық танытып, дүрбелеңге бойалдырмай, тәртіпке бас иіп, үйде жақындарымыздың жанынан табылуымыз міндет. Жұдырықтай жұмылсақ, алынбас асу жоқ!
Біз біргеміз!
Еркебұлан Қызырханұлы,
ТМК жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі.