Олардың бірі бұрын коронавирус расталған Орал тұрғынымен байланыста болған, деп хабарлайды ТалғарАқпарат Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
37 жастағы Атырау қаласының тұрғыны вирус жұқтырған оралдық әйелмен байланыста болғандар тізімінде тұрған. Туған жеріне оралғаннан кейін одан ауру анықталған.
Екінші ауру жұқтырған пациент – 20 жастағы жігіт, 27 наурыз күні әуежайға қонған «Ыстанбұл-Атырау» арнайы рейсінің жолаушысы. Жігіт ЖРВИ айқын белгілерімен инфекциялық стационарға жатқызылған. Карантинде болған кезде коронавирусқа қайта тест тапсырғанда расталған.
Бұл рейспен, сондай-ақ 28 жастағы әйел де келген. Ол әуежайдан ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жеткізілген, кейін ауру жұқтырғаны анықталған.
Қызылқоға ауданының 28 жастағы тұрғыны Атырау қаласындағы облыстық ауруханаға ЖРВИ белгілерімен шағымданған. Одан алынған тест әйелдің коронавирусқа шалдыққанын көрсетті, қазіргі кезде науқаспен байланыста болған адамдардың тізімі құрылуда.
Бұдан басқа, Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының шешімімен, облыстық аурухана екі күнге карантинге жабылды. Медициналық мекемеде дезинфекция жүргізіліп, індет жұқтырған медициналық қызметкерлер мен пациенттер оқшауланған.
Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 16 адам болды. Барлық пациенттер инфекциялық стационарда жатыр. Олармен байланыста болған тұлғалар анықталып, карантинге жатқызылуда.