Күні кеше ғана Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдайға байланысты тікелей эфирде мәлімдеме жасады.
Өз сөзінде, Президент елімізде әлемді шарлаған коронавирустық инфекцияның алдын алуға барлық шаралар жасалуда екенін баса айтты. Ел басшысы қазіргі оңай емес кезеңде халыққа пайдасы тиер бірқатар шараларды анықтап, тиісті тапсырмалар бергені қуантты. Бүгінгі күні, ақ халатты абзал жандарға 3 ай бойы қосымша үстеме ақы төленуі – әр медициналық қызметкерге көмек болары сөзсіз. Төтенше жағдайдағы жұмыссыз қалған 3 миллионға жуық азаматтарға 42 500 теңге көлеміндегі төлемақы төленуі де жақсы көмек. Елбасының мәлімдемесін қолдау мақсатында, біз, жастар «Біз Біргеміз» ұранын жалау қылып, жалғызілікті қарттарға, көпбалалы аналарға барынша қамқорлық көрсетуге дайынбыз.
Біз біргеміз!
Замира Қалымбетова,
аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі.