Коронавирустан тағы бір көз жұмды, деп хабарлайды ТалғарАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
Ресми сайттың хабарлауынша науқас келіп түскенде оның жағдайы ауыр болған. Тынысы тарылып, оған екі жақты пневмония диагнозы қойылған.
Келіп түскен сәтінен бастап созылмалы ауруларының кесірінен пациенттің жағдайы асқына берген. Қайтыс болған адамда қант диабетінің инсулинге тәуелді түрі, күретамырларының қысымы жоғары болған.
2020 жылдың 22 наурызында жансақтау және шұғыл терапия бөлімшесіне ауыстырылған.
Диагностика кезінде коронавирус инфекциясы расталған.
Коронавирус инфекциясының диагностикасы мен емдеу бойынша клиникалық хаттамасына сәйкес ем қабылдаған.
Күн сайын сала мамандарын, соның ішінде Астана медициналық университеті кафедраларының қызметкерлерін тарта отырып консилиумдар өткізілген.
Шұғыл терапияға қарамастан, тыныс алу, жүрек және бүйрек функцияларының жетіспеушілігі белгілері артқан.
Осы жылы 31 наурызда сағат 03.30-да науқастың жүрегі тоқтаған.
Қайтыс болған 50 жастағы адам бір ай бойы ауырып, медициналық көмекке жүгінбеген. Жұмысы жиі іссапарлармен байланысты болған. Отбасы мүшелері мен жұмысындағы қызметкерлерден тұратын жақын байланыста болған барлық 31 адам ауруханаға жатқызылды. 55 ықтимал байланысқан адамға үй карантині белгіленді.
Бұдан кейін отбасы мүшелерімен жақын араласқан екі адамнан коронавирус инфекциясы тіркелген.
Жалпы коронавирустан қайтыс болғандар 2 адам.
Талғар-ақпарат