Біздің азаматтарымызды шет елдерден қайтару жөніндегі шаралар аясында, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің, сондай-ақ Тәжікстанның мемлекеттік органдарының бірлескен күш-жігерімен осы жылдың 28 наурызында осы мемлекеттен біздің отандастарымыз елге шығарылды.
Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің әскери-көлік авиациясының қолдауымен 24 ҚР азаматы елге аман-есен шығарылды. Бұл азаматтар Тәжікстан аумағында болған және тәжік билігі қатаң шектеу шараларын енгізгеннен кейін шыға алмай қалған.
Осы борт арқылы Тәжікстанның 23 азаматы өз отанына оралды.
Талғар-ақпарат