Елордада коронавирустан айыққан 10 адам ауруханадан шығарылады, деп хабарлайды ТалғарАқпарат 24.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова брифингте хабарлады.
Қисықованың мәліметінше, коронавирустан айыққандардың жағдайы жақсы, шағымдары жоқ. Олар бүгін ауруханадан шығарылады.
Айығып шыққандар екі апта үйде оқшауда отырып, дәрігерлердің бақылауында болады.
Еске сала кетсек, осыған дейін елімізде 3 адам (екеуі елордадан, біреуі Алматыдан) кесірлі вирустан айыққан еді. Қазіргі сәтте жазылғандардың жалпы саны 13.
Талғар-ақпарат