Ыстамбұл-Атырау рейісінің жолаушысынан коронавируске тест оң нәтиже берді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бүгін, 28 наурызда індетті жұқтырған төртінші адам Ыстамбұлдан келген рейс жолаушысынан анықталды.
Короновирус жұқтырған 31 жастағы әйелді бірден оқшаулап, екінші Облыстық ауруханаға жатқызды.
Қалған 62 арнайы рейстің жолаушылары және экипаж мүшелері 14 күнге карантинге жатқызылды. Олардың барлығына тест жасалып теріс нәтиже көрсетті.
Талғар-ақпарат