Коронавирустан қайтыс болған әйел шетелге шықпаған

Коронавирустан қайтыс болған әйел шетелге шықпаған

Қазақстанда 64 жастағы әйелдің коронавирустан көз жұмғанына қатысты жаңа мәліметтер жарияланды. Бұл туралы Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ильясов брифингте айтты, деп хабарлайды ТалғарАқпарат Қамшы порталына сілтеме жасап.

Әйелдің өліміне екі жақты пневмония, тыныс жетіспеушілігі, қант диабеті салдарынан болған сепсис, гипертония және атеросклероз себеп болған. Пневмонияның себебі – коронавирус.

– Науқас медициналық мекемеге 25 наурыз күні сағат 07:00-де ауыр жағдайда жеткізілген. Онда тыныс алу жеткіліксіздігі, интоксикация синдромы және сонымен қатар жүретін патологиялар болған. Алгоритмге сәйкес, COVID-19 болуы мүмкін деген күдікпен ЖРВИ-ге алдын ала төтенше хабарлама берілген. Ол №2 Көпсалалы облыстық аурухананың оқшауланған бөлмесіне жатқызылған. Туыстарының айтуынша, ол шетелге шықпаған және ЖРВИ, коронавирус дертіне шалдыққандармен байланыста болмаған. 13-17 наурыз аралығында Алматыда және Шуда қонақта болған, – деді Сүлен Ілиясов.

Оның айтуынша, науқаспен байланыста болған адамдар оқшауланып, олардан коронавирус сынамалары алынған.

– 13-17 наурызда Алматы мен Шу қалаларында қонақта болған. Эпидемияға қарсы барлық жұмыс жүргізіліп жатыр. Ақмола облысында коронавирустан алғашқы өлім тіркелді, – деді ол.

Сүлен Ілиясов коронавирустан көз жұмған әйелдің жақындарына көңіл айтты.

Талғар-ақпарат