Юньнань провинциясының тұрғыны автобуста кетіп бара жатқанда оның жағдайы күрт нашарлап, артынша қайтыс болған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Қытайлық ақпарат көздерінің мәлімдеуінше, дәрігерлер ер азаматтың хантавирустық кардиопульмалды синдромға шалдыққанын анықтаған. Бұл аурудың тууына хантавирус деп аталатын өте қауіпті саналатын инфекция себепші болған.
Қазір қаза болған жолаушымен бірге автобуста болған 32 жолаушы түгел карантинге жабылды делінген.
Осы ретте қытайлық дәрігерлер аталған аурудың негізгі таратушылары кеміргіштер екенін де атаған.
Ең қиыны, вирус ауамен тез таралып, тыныс алу жолдарына зақым келтіреді. Бұл індетке кез келген адам тап болуы мүмкінгі жоғары екені де айтылуда.
Алғашқы белгілері: бас ауруы, әлсіздік, жөтел, ас қорытудың бұзылуы, жүрек айну. Қазіргі таңда хантавирустың нақты емі жоқ болып отырғанға ұқсайды.
Талғар-ақпарат