24 наурыздағы сағат 23:20-ғы ақпарат бойынша Жамбыл облысы мен СҚО-да коронавирустың алғашқы дерегі тіркелді, деп хабарлайды ТалғарАқпарат. Бұл туралы coronavirus2020.kz-те жарияланды.
Коронавирус індетін жұқтырғандар саны — 2 адам. Бірі Жамбыл облысынан болса, екіншісі СҚО-дан.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 36 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында — 2, Алматы облысында — 1 адам, Ақтөбе облысында — 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам, жалпы 72 науқас тіркелді
Талғар-ақпарат