Жазғы олимпиада кейінге шегерілді

Жазғы олимпиада кейінге шегерілді

Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындары коронавирусқа байланысты кейінге қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абе мен Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах бүгін осындай шешімге келді. Олар төртжылдықтың басты бәсекесін 1 жылға кейінге шегеруге келісті. Бұған қоса, келісім бойынша олимпиада алауы Жапонияда қалатын болды. Сондай-ақ доданың атауы де өзгеріссіз қалмақ. Яғни енді 2021 жылдың жазында өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындары «Токио-2020» деп атала береді.

Талғар-ақпарат