Елбасымыздың көреген саясатының, батыл қадамдарының, тарихи шешімдерінің және оған қолдау көрсеткен халқымыздың бірлігінің арқасында бүгінгі Қазақстан Республикамыз үлкен жеңістерге қол жеткізуде. Қазақстандық екендігімізді мақтанышпен айтып, әлемнің алпауыт мемлекеттерінің алдында өзімізге тән, жарасымды, абыройлы орнымызға ие болдық.
Қай кезеңде де болмасын тарих сахнасында бүкіл әлем болып еңсеретін экономикалық, адами құндылықтарға қатысты т.б. көптеген сын сағаттары туындап отырған. Біз дамыған, жахандану уақытында өмір сүреміз. Өркениетті елдің азаматтарымыз. Сол себептен де планетамызға тараған эпидемияны сауаттылық танытып, ғылыми көзқараспен, салқынқандылықпен, ұқыптылықпен қарап жеңуіміз қажет.
Індетті жеңу ол тек өзімізге ғана байланысты.
Атақты мәскеулік суретші Лисси Мусса өзінің өнер туындысында «Всё-всё-всё в твоих руках» яғни барлығы өз қолыңда деп ұрандатқан екен.
Иә, мен адамзатты қиындыққа өзімізді шыңдап, тағы да бір дарынды қабілетіміздің ашылуына себепкер болуымызға шақырамын, ұялап құпияда жатқан адами құндылықтарымыздың жарыққа шығатынына үміт етемін.
«Әрбір дерттің дауасы бар» делінген екен хадистерімізде.Сондықтан барынша позитивті ойлауға, жүйелі түрде барлық нұсқаулықтарды ұстануға, жақсылыққа жаршы, жақындарымызға қамқор болуға, барынша мұқият болуға шақырамын.
Баршаңызға шуақты күндер тіледім.
Дария Кеңесжанқызы,
«Талғар ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-нің бас маманы.