«Қатемізді қайталамаңыздар». Италиялықтар үндеу жасады

«Қатемізді қайталамаңыздар». Италиялықтар үндеу жасады

Италияның кинематографистері коронавирус пандемиясына байланысты «10 күн өткен соң» атты ролик түсірді, — деп хабарлайды The Atlantic.

Ролик авторы Олмо Парентидің айтуынша, италиялық БАҚ-тар жаңа вирустың таралғаны жайлы хабарлай бастаған кезде жергілікті халықтың көбі оған аса мән берген жоқ. Көбі тіпті COVID-19 жайлы жаңалықтарды естіп, үрейленгендерге қарап күліп жүрді дейді.

Парентидің айтуынша, бірнеше күннен соң оған Италияда ақырзаман болған сияқты көрінген. Он мыңнан аса адам вирус жұқтырып, мыңдаған адам қайтыс болған. Төтенше жағдай жарияланып, үйден шығуға тыйым салынған.

«Бастапқыда көбі бұл жағдайдың ушығатынын білген жоқ, оны маңызды деп санамады, вирустың жаппай таралуына да осы себеп болған шығар. Біз жаңалықтардан басқа елдердің біздің қатемізді қайталап жатқанын естіп жатырмыз. АҚШ пен Ұлыбританияда 10 күннен соң Италиядағы жағдай болады деп жатыр. Сондықтан біз италиялықтардан 10 күн бұрынғы жағдайды сұрап, кеңестер сұрадық», — дейді режиссер.

Талғар-ақпарат