«Үйі жоқтың күйі жоқ» демекші, адам үшін баспана мəселесі қашанда маңызды екені белгілі. Ішкі миграция мен демографиялық өсімнің нəтижесінде Талғар қаласында ғана емес, ауданымыздың барлық елді мекендерінде халық саны жыл озған сайын артып келеді. Осыған орай баспана қажеттілігі де көп-тен бері күн тəртібінде тұрған маңызды мəселенің бірі. Оған дəлел, бүгінде тұрғын үй кезегінде тұрған-дардың саны 4673 адамды құрап отыр. Олардың басым бөлігі аудан орталығы — Талғар қаласынан баспаналы болғысы келетіндер, əрине.
Мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында құрылысы 2019 жылдың жаз айында басталған көпқабатты 6 үйдің бүгінде шатырлары жабылып, сыртқы, ішкі əрлеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Құрылысшылар үш ауысымда жұмыс жасауда. Тиісті техника да барынша жұмылдырылған.
Аудан əкімі Жолан Омаров өзінің құрылыс саласына жетекшілік ететін орынбасары Дəркен Нұржанов, жауапты бөлім басшылары жəне сала мамандармен бірге Талғар қаласының «Жаңа» мөлтек ауданының аумағында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын тексеріп қайтты. Мұн-дағы негізгі мақсат құрылыс жұмыстарының талапқа сай жүргізілуін бақылау, орын алған кемшіліктер
мен қиындықтар болса дер кезінде түзетіп, тұрғын үйлерді кестеге сай кешіктірмей пайдалануға беру болып табылады.
Алдымен аудан басшысы көпқабатты төрт үйдің құрылысын жүзеге асырып отырған «ГуннСтрой-сервис» ЖШС-нің құрылыс-монтаж жұмыстарының жай-жапсарын аралап көріп, аталмыш құрылыс компаниясының өкілдеріне бірқатар сын-ескертпелерін айтып, мердігер компания басшыларына халық игілігі үшін жасалынып жатқан нысандардың жұмысын сапалы əрі құрылыс кестесіне сай уақтылы жүргізуді қадап тапсырды. Бұдан кейін арнайы топ басқа да үйлердің құрылыс жұмыстарын тексеріп, мердігер компания қызметкерлеріне тиісті тапсырмалар берді.
Айта кетейік, қаламыздың «Жаңа» мөлтек ауданында бой түзеген алты үйдің үшеуі жалгерлік тұрғын үй, үшеуі несиелік тұрғын үйлер. Қазіргі таңда тұрғын үйлердің құрылысы аяқталуға жақын. Құрылыс жұмыстары өз мəресіне жетіп, ел игілігіне берілген соң, тұрғын үй кезегінде тұрған 340 отбасы баспаналы болып, қоныс тойын тойламақ. Көптеген жанұяны қуанышқа бөлейтін ол күн де алыс емес!
Райхан АЗИМОВА,
«Талғар».