Иранда коронавирустен көз жұмғандар саны көбейіп жатыр

Иранда коронавирустен көз жұмғандар саны көбейіп жатыр

Иранда коронавирустен көз жұмғандар саны 66-ға жетті, деп хабарлайды ТалғарАқпарат qamshy.kz-ке сілтеме жасап.

Иран Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Алирези Раисидің мәліметіне сілтеме жасаған ИРНА ақпарат агенттігі вирус жұқтырғандар саны  1501-ге жеткенін, 291 адам жазылып шыққанын хабарлады.

Агенттіктің жазуынша, коронавирус жұқтырғандардың ең көбі – 225 адам ел астанасы Тегеран қаласында тіркелген. Одан бөлек, Кумада – 62, Гилянда – 53, Исфаханда – 23, Маркази провинциясында – 18, Казвинде – 18, Хорасан Резавиде – 6, Фарс провинциясында – 8, Керманшахта – 1, Мазендеранда – 12, Альборзада – 10, Хормозганда – 7, Хузестанда – 12, Систан және Белуджистан провинциясында – 1, Батыс Әзербайжанда – 4, Иламда – 2, Оңтүстік Хорасанда – 3, Керманда – 2 және Йезде бір адам індет жұқтырған.

Талғар-ақпарат