Италияда коронавирустан 52 адам көз жұмды

Италияда коронавирустан 52 адам көз жұмды

Италия Азаматтық қорғау департаментінің басшысы Анжело Боррелли елде коронавирусты 1835 адам жұқтырғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ANSA-ға сілтеме жасап.

Борреллидің айтуынша, бұл адамдар санына аурудан жазылған 149 адам жатпайды. Еске сала кетейік, жексенбі күні елде індетке шалдыққан адамдардың саны 66-ға кем болған.

Бұдан бөлек, Боррелли коронавирустан көз жұмғандар саны 52-ге дейін жеткенін растады.

Еске сала кетсек, Италияда коронавирусты жұқтырудың алғашқы оқиғасы 21 ақпанда тіркелген. Италияның денсаулық сақтау министрі Роберто Сперанцаның мәліметінше, елдің солтүстігіндегі Падуя қаласында 78 жастағы ер адам ауруханада көз жұмған.

Талғар-ақпарат