Талғар қаласындағы ойын-сауық орындарына «Түн тыныштығы» атты түнгі рейд жүргізілді. Рейдті Талғар АПБ ЖПКБ ювеналдық полиция инспекторы полиция капитаны Қуандықов Шыңғыс Абайұлы, Мейрбаев Дидар Абайевич, жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы Айтхажанов Нұржан, «Жалын» жасағы жүргізді.
Рейдтің мақсаты — жасөспірімдер арасында орын алатын құқық бұзушылықтың алдын-алу. Осы бағытта кәмелетке жасы толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар түнгі дүкендер мен қоғамдық ойын-сауық орындарының әкімшіліктерімен бірлескен шараларды ұдайы ұйымдастырады.
Шара аясында ювеналды полиция қызметкерлері түнгі дүкендер мен қоғамдық ойын-сауық орындарын аралап, бақылау жұмыстарын жүргізді.
Ұйымдастырушылар жеткіншектер арасында жиі орын алатын қылмыс пен заң бұзушылықтың алдын алып, кездесетін қиындықтарды дұрыс шешуге тәрбиелеуде үлкен жұмыстар атқарып отыр. Жасөспірімдер арасында орын алатын құқық бұзушылықтың алдын-алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Алдағы күндері де осы бағыттан таймай насихат жұмыстары өтетін болады.
Айткалиев Қайсар,
Талғар ауданының жастар ресурстық орталығының маманы.