ХҚО-да кезекте тұрып, уақытыңызды жоғалтпау үшін алдын ала кезекті брондауға болады 

ХҚО-да кезекте тұрып, уақытыңызды жоғалтпау үшін алдын ала кезекті брондауға болады 

Қазір ХҚО-да кезекте тұрып, уақытыңызды жоғалтпау үшін ХҚО-ға барарда алдын ала кезекті брондауға болатынын білесіз бе?

Бұл қызмет egov.kz электронды порталы және телеграм бот EgovKzBot2  арқылы қолжетімді, деп хабарлайды ТалғарАқпарат.

Ол үшін:
✅Еgov.kz электронды порталына кіріп немесе телеграм бот EgovKzBot2 арқылы «ХҚО-ға кезекті брондау» тетігін басыңыз;
✅өзіңізге ыңғайлы, жақын орналасқан ХҚО бөлімін таңдаңыз;
✅ЖСН нөмірін енгізіңіз;
✅«Келуді жоспарлау» тетігін басып, тізімдегі қажетті қызметті таңдап, келу күні мен уақытын көрсетіңіз;
✅Соңында кезекті онлайн брондаудың өткені жөніндегі хабарлама келуі тиіс.
❗ХҚО-ға келгенде жеке куәлігіңіз бен бронь нөмірі бар талонды ұсыну жеткілікті. #менсияқтыжаса #цифрлыҚазақстан

Талғар-ақпарат