Министр желіде лотерея ойнатуға тыйым салмақ

Министр желіде лотерея ойнатуға тыйым салмақ

Қазіргі таңда әлеуметтік желіде лотереямен ұтыс ойын ойнататын адамдар көбейіп кетті. Олардың заңды я заңсыз ойнатып жатқаны бізге беймәлім. Сол үшін мүндай олқылықтар орын алмас үшін, арнайы құқық қорғау органдарында рұқсат етілген лотереяны ойнатуға мүмкіндік бар. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді, деп хабарлайды Қамшы кз.ке сілтеме жасап ТалғарАқпарат.

Министрдің айтуынша, лотерея және лотерея қызметі туралы заң жобасында бар. Лотерея операторынсыз (Операторы «Сәтті жұлдыз» АҚ), оператордың лотерея ойнату туралы келісімінсіз жүзеге асырылған кез-келген ойындар заңсыз деп саналады және ол лотерея деп саналмайды деп атап айтты.

Әлеуметтік желіде оқырманы көп блогер және т.б. адамдар мұндай шараны жарнамаласа да жауапқа тартылады деп жеткізді.

Сонымен бірге, министр кейде нақты лотерея болмаса да, лотерея белгілері кездесетін жайттар бар екенін түсіндірді.

— Егер лотереяның операторы болса және оған ақша салатын лотерея қатысушысы болса – бұл лотереяның негізгі белгісі. Ол ақша жинақталып, аппараттық кешенде ойнатылады және ол ақшаны біреу ұтып алады. Егер мұндай белгілер болмаса, ол лотерея деп танылмайды, — деді Райымқұлова.

Талғар-ақпарат