2019 ЖЫЛЫ «ХИМФАРМ» АҚ ӨНДІРІС КӨЛЕМІ 15% ӨСТІ

2019 ЖЫЛЫ «ХИМФАРМ» АҚ ӨНДІРІС КӨЛЕМІ 15% ӨСТІ

Бұл өсімге негізінен құрамында алкалоидтер мен антибиотиктер бар дәрілік заттар өндірісінің артуы есебінен қол жеткізілді, деп хабарлайды ТалғарАқпарат  ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, алколоидтер бар заттар өсімі 813 мың тоннадан 829 мың тоннаға жетсе, соңғы түрі бойынша өсім 112 мың тоннадан асты, яғни 57 мың тоннадан 169 мың тоннаға жетті.

Еліміздің ең ірі фармацевтикалық компаниясы халықаралық GMP стандарттарына сәйкестігін дәлелдейтін бірнеше сертификатқа ие. Оның ішінде 2019 жылы «Химфарм» АҚ стерильді емес ерітінділер мен сироптар өндіруге, сондай-ақ CEF тобы антибиотиктерінің асептикалық себілуі бойынша GMP сертификатын алды.

Фармацевтикада асептикалық өндіріс ең күрделі болып саналады. Онда стандартты технологиялық процедураларды сақтаудан бөлек, стерильділіктің қатаң жағдайын жасап, қолдап отыру керек. Бұл өз елімізде ғана емес, сыртқы нарықтарда сату үшін фармацевтикалық өнімдер өндірісінің сапасын жақсарту бағытында үлкен жұмыстар атқарылып жатқанын көрсетеді. Бүгінгі таңда зауыт өз өнімдерінің 9%-ын Қырғызстан, Ресей, Укранинаға экспорттайды.

Қазіргі уақытта кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 420 млн. дәрі-дәрмек, капсула және түйіршіктер, 140 млн. инъекциялық ерітіндісі бар ампула, 37 млн. антибиотиктер ұнтағы (цефалоспориндер), 13 млн. антибиотиктер ұнтағы (пенемалар/мициндер), 3 млн. сұйық пероральді дәрілік заттар өндіруге мүмкіндік береді.

Талғар-ақпарат