Ирактың солтүстігіндегі АҚШ-тың әскери-әуе күштері орналасқан «Балад» базасына шабуыл жасалды. Мұнда америкалық әскерилер тұрып жатты, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі REUTERS сайтының дерегін негізге алып.
Ирак әскерилерінің мәліметі бойынша, жексенбіде базаға «Катюша» қондырғыларынан сегіз снаряд түскен. Олардың жетеуі ұшу-қону жолағына түскен. Ирактық 4 сарбаз, оның ішінде 2 офицер жарақат алған. АҚШ Орталық қолбасшылығының өкілі АҚШ персоналының зардап шекпегенін хабарлады. Шабуылды кім жасағаны әзірше белгісіз.
Талғар-ақпарат