Алматыдағы ұшақ апаты: Bek Air басшысы екінші ұшқыштың кінәсін мойындады

Алматыдағы ұшақ апаты: Bek Air басшысы екінші ұшқыштың кінәсін мойындады

Алматыдағы ұшақ апаты: Bek Air басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов қайғылы жағдайдың алдын ала себебі — әуе лайнері қанаттарының өңделмеуіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ол өз пікірін 31-арнадағы телебағдарлама эфирінде айтты. Жұмасұлтанов апат ұшақ қанаттарының мұз қатуға қарсы арнайы құралмен өңделмегенінен болды деген нұсқасымен келісіп отыр.

Компания басшысының сөзінше, бұл жағдайда әуе көлігінің жұмысына сыртқы әсердің болуы расталады.

Сондай-ақ, Жұмасұлтанов қанаттары өңделмеген лайнердегі ұшқыш шешіміне қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, мұндай шешімдерді командир ғана қабылдайды және оған ешкім қысым жасай алмайды.

«Егер командир ұшақ қанаттарын өңдемесе, онда оның себептері бар. Демек, қанаттар құрғақ және таза болған»,- деді компания басшысы.

Жұмасұлтанов әуежайдағы ұшақты өңдеу құны қанша екенін де айтып өтті. Оның сөзінше, Fokker-100 ұшағын арнайы сұйықтықпен жабу арнайы құрал бағасын есептемегенде, 250-300 мың теңге тұрады.

Компания басшысы сендіргендей, Bek Air ешқандай жағдайда бұл мәселеде үнемдемейді, өйткені барлық шығын ұшу сағатының құнына салынған.

10-шы қаңтар күні өткен брифингте Роман Скляр әуе кемесі көкке көтеріліп, апатқа ұшырамай тұрғанда ұшқыштардың не сөйлескенін жариялаған еді. Нәтижесінде екінші ұшқыштың қозғалтқыштар жұмысының режимін азайтқаны, оған командир бірден теріс жауап қайырғаны анықталды.

Жұмасұлтанов екінші ұшқыштың өз әрекетімен қателік жасағанын мойындады.

«Көкке көтерілгеннен кейін ұшақ өзін жан-жаққа лақтыра бастайды. Сол кезде командир «Не болып жатыр? » деген сұрақ қояды. Ал екінші ұшқыш «Стабилизатор, тоқтатайық» деп жауап береді. Мойындау керек, бұл уақытта ұшақ тоқтату немесе ұшуды жалғастыру туралы шешім қабылдайтын жылдамдықтан өтіп кеткен еді. Бұл сәтте лайнер, тіпті, ауада болған. Екінші ұшқыш қозғалтқыштар жұмысының режимін азайтып, бір қателік жіберді», — дейді Bek Air басшысы.

Талғар-ақпарат