Ұшақ апаты: Талғар ауданына қарасты мешіт имамдары мен жамағаты да қолдан келгенше көмектерін аямады

Ұшақ апаты: Талғар ауданына қарасты мешіт имамдары мен жамағаты да қолдан келгенше көмектерін аямады

Бүгін Талғар ауданына қарасты Гүлдала ауылдық округінде орын алған қайғылы жағдай ешкімді бей-жай қалдырмады, деп хабарлайды ТалғарАқпарат.

Ауыл тұрғындары бастаған бастаманы аудандық орталық мешіт қызметкерлері де қолдады. Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан барлық құтқарушыларға мешіт имамдары мен жамағаты қолдан келгенше астарын дайындап, ыстық шайларын ұйымдастырды.

Талғар-ақпарат