Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр Bek Air ұшағының апатқа ұшырауы оқиғасының мән-жайын айтты, — деп хабарлайды ТалғарАқпарат.
Ол зардап шеккен азаматтар мен қаза тапқан отбасылардың туыстарына барлық көмек көрсетілетінін айтты. Ешкім ескерусіз қалмайды, деді.
Сондай-ақ, ол алдын ала әуе апатының себебін былай түсіндірді: «Бұл не ұшқыштың қателігі болуы мүмкін, не техникалық ақау».
Роман Склярдың айтуынша 12 адам қаза тапқан. Оның 8-і оқиға орнында көз жұмса, 2-уі ауруханада ал қалған 2-уі Алматы қаласындағы аэропортта қайтыс болған. Қаза тапқандардың ішінде әуе кемесінің командирі Марат Мұратбеков та (1961) бар. Тәжірибелі командир болған, дейді Роман Скляр. Екінші пилот өте ауыр жағдайда, ауруханада жатыр.
Талғар-ақпарат