КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУДА КӨП МӘСЕЛЕ КӨТЕРІЛДІ

КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУДА КӨП МӘСЕЛЕ КӨТЕРІЛДІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі- «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселелерге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып келеді.

Билік бұқара халыққа барынша жақын болуы тиіс. Алдына арызшағымын не-месе өтініш-тілегін айта келген адамға шекесінен қарамай, қайта мəселесін шешіп беруге ұмтылулары керек-ті. Билік пен халық арасында ашық диалогқа құрылған алтын көпір болғаны дұрыс та. Осы жағына көбірек көңіл бөлген аудан əкімі, аудандық «Nur Otan» партиясының төрағасы Жолан Омаров «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету жəне республика көлемінде ұйымдастырылып жатқан партияның көшпелі қабылдауы аясында аудан орталығынан шалғай жатқан Қайнар ауылдық округінде тұрғындарды жеке мəселелері бойынша қабылдады. Қоғамдық қабылдауға бірқатар бөлім, мекеме басшылары да арнайы шақырылды.

Аудан басшысының алдында бірінші болып сөз алған ауылдық округтің ақсақалдар алқасының төрағасы Тұрсынғали Саудабаев ауылдық округтің бүгінгі тыныстіршілігімен таныстырып, округтің аумағының кеңдігін, ауылдардың көптігін алға тартып, округті екіге бөліп, біреуіне келесі жылы туылғанына 360 жыл толатын Əлмерек бабаның есімі берілсе деген ел тілегін жеткізді. Бұл мəселені аудан əкімі уақыт еншісіне қойды. Келесі кезекте Көктал ауылының тұрғыны С.Айнақұлов жол, көгілдір отынға қосылу, жолаушылар тасымалдайтын көлік, қаңғыбас иттерді құрықтау, көшелерді жарықтандыру, ұрлық-қарлықтың көптігі, жарық мəселесі, жаяу жүргіншілер жолын салу сынды бірқатар мəселелерді көтерді. Ал «Айғаным» ықшамауданының тұрғыны Н. Келгенбаев ауыз су, жаңа мектеп салу, жарық мəселесін алға тартты. Еркін ауылының тұрғыны көпбалалы ана Б.Тленшиева апатты жағдайдағы үйіне күрделі жөндеуге қаражат қарастыруды өтінсе, Жаңалық ауылының тұрғыны М.Аднанов ауылға жаңа мектеп салу, Мəдениет үйінің керектігін, дəрігерлік амбулатория мен тірек пункті салынса деген ел тілегін ала келіпті. Жалғамыс ауылының тұрғыны Н.Машадилова тұрғын үй салу үшін жалға берілген жер телімінің мерзімін ұзартуға қатысты туындаған мəселесін айтса, Еркін ауылының тұрғыны В.Разинкова да жер дауымен келген екен. Аудан басшысы жер мəселесіне қатысты көтерілген қос мəселені ауыл əкімі мен жер қатынастары бөлімінің басшысына тез арада оңтайлы шешіп беруді тапсырды. Ал, жалғамыстық Қ.Тəліпұлының көтерген мəселелері де талайдан бері қордаланып қалған өзекті мəселелер. Атап айтқанда, ауыл мектебінің тарлығы, ауылға жаңа емхана керектігі, көшелерді жарықтандыру, пошта ғимаратын салу, ауылға көгілдір отын тарту, жол белгілерін көбейту, жарықты Алматы жарық компаниясына өткізу мəселелерін тізбектей жеткізді. Еламан ауылының тұрғыны Қ.Алшынбеков ауылға мешіт салуға ниетті азаматтардың барлығын алға тартып, діни басқармадан рұқсат алу мен мешітке белгілі бір азаматтың есімін беруге ықпалдасуын сұрады. Жаңалық ауылынан келген М.Қасенов көршісінен көрген қорлығын айтып, заң органдарының тəртіпке салуын сұраса, А.Дүйсенбай отбасылық жағдайының төмендігін алға тартып, демеушілік көмекке зəру екенін жеткізді.

Барлық мəселелерді мұқият тыңдап, мəселенің мəнжайына қаныққан аудан əкімі Жолан Ыбырайақынұлы бірқатар мəселелерді қолма-қол шешіп, бюджет қаражаты есебінен шешілетін мектеп, емхана, жол, көше жарығы, Мəдениет үйі, тірек пунктін салуды уақыт еншісіне қалдырды. Тұрғын үй мəселесін көтерген азаматтарды үй кезегіне қойып, мешіт салу мəселесін де оңтайлы шешкендей болды. Көтерілген мəселелер бойынша жауапты мекеме басшыларына тапсырмалар беріп, өзі назарға алды.

Перизат НҰРҚАЕВА,

«Талғар».