ӘКІМ СЫЙЛЫҒЫ ӨЗ ИЕЛЕРІН ТАПТЫ

ӘКІМ СЫЙЛЫҒЫ ӨЗ ИЕЛЕРІН ТАПТЫ

КӨШБАСШЫ – 2019

Жастар – таусылмас күш пен сарқылмас қайраттың көзі. Осы орайда Талғар ауданы бойынша өз саласының үздігі болған жас мамандарға берілетін аудан əкімінің сыйлығы өз иелерін тапты. Кеше ауданымыздағы ең белсенді болып көзге түскен үздік мамандарға Талғар ауданы əкімінің «КӨШБАСШЫ – 2019» жастар сыйлығын тапсыру рəсімі өтті. Жеңімпаздарға арнайы марапатты аудан əкімі Жолан Ыбырайақынұлы өзі табыс етті.

Бұл байқауды өткізудегі мақсат – ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген, сондай-ақ өз қызмет саласында кəсіби шеберлігімен ерекшеленген жас буын өкілдерін қолдау. Елдің экономикалық, саяси жəне мəдени өмірінде жастардың белсенділігін арттырып, патриоттық сезімдерін нығайту екенін айтады ұйымдастырушылар. Биыл ауданымыздан «КӨШБАСШЫ-2019» байқауына көптеген жастар қатысқан еді. Көптен оза шапқан білікті мамандар мен жігерлі жастар 15 аталым бойынша үздіктер қатарынан табылды. Атап айтқанда, «Жас мемлекеттік қызметші» номинациясын Гүлназ Алимбаева иеленсе, «Үздік жас əскери қызметкер» – Шыңғыс Қуандықов, «Үздік жас дəрігер» – Айсауле Жаксалыкова, «Үздік жас ұстаз» – Жəнібек Бекбау, «Үздік жас спортшы» – Нұрсұлтан Булат, «Үздік жас журналист» – Дархан Əук, «Үздік жас өнерпаз» – Шынар Əбілдаева, «Үздік жас маман» – Айдос Алишев, «Үздік ерікті» – Назгуль Битимбаева, «Үздік жастар ісі жөніндегі əдіскер-нұсқаушы» – Гульназ Кеңесбаева, «Аудандық жастар ресурстық орталығының үздік маманы» – Мөлдір Абатайқызы, «Ең үздік əдебиетші» – Айбек Бестенқұлов, «Жастар ҮЕҰның үздік көшбасшысы» – Жомарт Кенесов, «Үздік жас отбасы» – Нұрғалиевтер отбасы, «Үздік жас кəсіпкер» номинациясына – Меруерт Шакерова ие болды. Барлық көшбасшылар аудан басшысының қолынан «Алғыс хат» пен арнайы атаулы сыйлық алды.

Перизат АУҒАНБАЙҚЫЗЫ,

«Талғар».