Нұр-Сұлтанда жол қозғалысы ережесін 98 рет бұзған жүргізушіге 6 миллион теңге айыппұл салынды

Нұр-Сұлтанда жол қозғалысы ережесін 98 рет бұзған жүргізушіге 6 миллион теңге айыппұл салынды

Нұр-Сұлтанда жол қозғалысы ережесін 98 рет бұзған жүргізушіге 6 миллион теңгеден аса айыппұл салынған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3 желтоқсанда елордалық полицейлер Volvo XC90 автокөлігін тоқтатқан.

«Бейнебақылау камералары мониторинг жүргізу кезінде осы автокөлік жол қозғалысы ережесін бұзғанына байланысты тоқтатылған. Тексеру барысында, осы автокөлікпен ЖҚЕ бұзу бойынша 98 дерек тіркеліп, 6 миллион 95 мың 350 теңге айыппұл салынған», — деді департаменті өкілдері.

Сондай-ақ, 49 рет ЖҚЕ бұзған Lexus LX 570 автокөлігі тоқтатылған, оған 2 миллион 489 мың 650 теңге айыппұл салынған.

Автокөліктер айып тұрағына жеткізілген.

Талғар-ақпарат