Алматы облысындағы заңдылық және құқықтық тәртіп жағдайы талқыланды  

Алматы облысындағы заңдылық және құқықтық тәртіп жағдайы талқыланды   
  «Jetisu Media» алаңында 2019 жылдың 10 ай қортындысы бойынша Алматы облысындағы заңдылық және құқықтық тәртіп жағдайы туралы баспасөз-мәслихаты өтті.
Жиын барысында құқық қорғау саласының мамандары соңғы 10 айдағы көрсеткіштерге тоқталып, тарқатып айтты.
         ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасының статистикалық деректеріне сәйкес құқық бұзушылық фактісі 15,8% төмендеген.  Өткен жылмен салыстырғанда құқық бұзушылық Сарқан ауданында 1,2%, Текелі қаласында  2,5% — ға өскен.
         «Қасақана кісі өлтіру — 30,1% (79 былтырғы жылы 113 қарсы), бұзақылық — 12,2% (490 — 558 қарсы), алаяқтық — 10% (1455 — 1617 қарсы), тонау — 15,5% (355 — 420 қарсы), қорқытып мүлкін алу — 26,5% (24 — 34 қарсы)»,- төмендеген дейді қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокуроры Нұрділда  Әсімхан.

         Облыс бойынша ауыр және аса ауыр санаттағы құқық бұзушылықтардың ашылуы 80,5% құраған (былтырғы жылы 69,5%).
         Десе де, денсаулыққа ауыр зиян келтіруге қатысты құқық бұзушылықтардың 7,8% есірткімен байланысты құқық бұзушылықтар 5,7%), қарақшылық 3,8% өскені туралы  да белгілі болды.
         Сонымен қатар заң саласының мамандары облыс бойынша қылмыс көп тіркелетін өңірлер Талғар ауданы (178 қылмыс — 10 мың адамға), Іле ауданы (146 қылмыс — 10 мың адамға) деген мәлімдеме жасады.
         Сандарды сөйлетсек облысымызда 10 мың адамға шаққандағы орташа қылмыс деңгейі 116 қылмыстық істі құрап тұр.
 Сондай-ақ, Алматы облысында адамдардың қайтыс болуына немесе жаралануына әкеліп соққан 1 966 (1 826) жол-көлік оқиғасы тіркелген, ол былтырғы жылдың көрсеткішінен 140 фактіге көбейіп отыр. Жарақат алудың өсуі 7,6% құраса, қайтыс болудың өсуі 24,1% көрсеткішін көрсетуде.
         БАҚ өкілдерінің басын қосып есеп жүргізген құқық саласының қызметкерлері өңірдегі қылмыстар көбіне жастар арасында орын алатынын
тілге тиек етті. Басқарманың қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің бастығы Ерлан Таймурзинов жасөспірімдердің тәртібін қадағалауды ата-аналар қолға алса екен деген өтінішінде жеткізді.
 Анар Сабырова
ТАЛҒАР-АҚПАРАТ
TELEGRAM  КАНАЛЫМЫЗҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ!