Талдықорғанда комикстер фестивалі өтті

Талдықорғанда комикстер фестивалі өтті
Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Талдықорғанда комикстер фестивалі өтті.
Қай заманның балалары болмасын, оларға иллюстрациялық кітаптар қызықты. Сол себепті жоба авторлары ата-бабаларымыздың тарихы туралы жас оқырмандарға жеткізуді көздеп отыр. Бұл іс-шара бірегей және баламасы жоқ. Өйткені, ел бойынша комикстердің жалғыз көрмесі. Фестивальді «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс басшылығы ұйымдастырып отыр. Мұнда атақты шетелдік иллюстраторлар — Эмре Ердур, Игорь Бараньколар келді.

Фестиваль аясында компьютерлік ойындардан жарыс өтіп, оқушылар түрлі-түсті текше жинаудан өзара сайысты. Ал комикс шығарушылар өздерінің туындыларын балаларға тегін ұсынды. Сондай-ақ қонақтар түрлі кейіпкерлермен суретке түсіп, өздері де ертегі кейіпкерлерінің киімін киіп келді. Шараға тәжірбиесімен бөлісуге шетелдік мамандар келіп, 13 компания өз өнімдерін ұсынды.
Енді алдағы уақытта шараны республикалық деңгейге көтеру жоспарда бар дейді ұйымдастырушылар. Біздің басты мақсатымыз фесьтиваль арқылы батыс америкалық комикс кейіпкерлерінен балалардың көңілін өзіміздің батырларға аудару. Өзіміздің комикстерді қалыптастыра отырып, батыр бабалардың тарихын, олардың бейнесін жаңғырту.
ТАЛҒАР-АҚПАРАТ
TELEGRAM  КАНАЛЫМЫЗҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ!