Алматы облысында қысқы жылыту маусымына дайындық қызу жүріп жатыр

Алматы облысында қысқы жылыту маусымына дайындық қызу жүріп жатыр
 «Jetisy Media» алаңында  «Қысқы кезеңде төтенше жағдайды  алдын алу және жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар», «Қысқы кезеңде пешті және электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау» тақырыбында баспасөз-мәслихаты өтті.
Облыс аумағында ағымдағы жылдың басынан бері 1267 өрт оқиғасы тіркелген. Оның ішінде тұрғын үй секторында 791 өрт, шаруашылық объектілерінде 61 өрт шыққан. Өрттен келген шығынның жалпы сомасы 136 млн. 55 мың теңгені құрайды. Өртте 14 адам қаза тауып, 17 адам жарақат алған.
Жыл басынан 173 улы газбен улану оқиғасы тіркелген.  ТЖ ретінде есепке алынған улы газбен улану фактілері бойынша 55 адам жарақат алып, 19 адам қаза болған. Былтырғы жылмен салыстырғанда жарақат алу саны 14-ке төменсе, адам өлімі 4-ке артқан.
«От жағу маусымындағы орын алатын ыстан улануды азайту мақсатында Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс әкімдігімен бірлесіп, үйлерде тұншықтырғыш газ датчиктерін орнату мәселесі пысықталды. Осыған байланысты, Алматы облысының әкімдігі тұрғын үйлерге 22 598 тұншықтырғыш газ датчиктерін сатып алуға және орнатуға 169 млн.490 мың теңге бөлді»,-деді Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Тойшыбеков Асқар Тасболатұлы.
Жалпы, облыс бойынша аудандар мен қалалар әкімдіктері есебінен  20 694 датчиктер сатып алынды, оның 11 074-і орнатылды. Бүгінгі күні түтін мұржаларын тазалау, пештерді жөндеу, халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлеріндегі электр сымдарын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Департамент прафилактикалық көмек көрсету үшін  аз қамтылған отбасылар, қарияларға   қол ұшын созу мақсатында   «көмек қолын» акциясы іске қосылды, акция барысында 153 отбасына электрмен қамтамасыз ету, түтін қалдықтарын тазалау, жарықшақтарды және т.б. майлау сынды көмектер көрсетілді.
Өрт жағдайына байланысты алдын алу үшін анықталған 97 мың 276 жеке тұрғын үй (облыс бойынша барлығы 373 510 үй) аралап, өрт қауіпсіздігі шаралары туралы ұсыныстар түбіршектерін тапсырумен және халыққа өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірумен қамтылған.
Анар Сабырова
ТАЛҒАР-АҚПАРАТ
TELEGRAM  КАНАЛЫМЫЗҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ!