Алматы облысында экологтар бас қосты

Алматы облысында экологтар бас қосты

Табиғат — адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Табиғатты қорғауға ғылыми тұрғыда бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық ауқымдағы іс-шаралар өткізіледі.  Осы тұрғыда Алматы облысы да табиғатты қорғауға қатысты шаралардан қалыс қалған емес. Күні кеше еліміздегі барлық экологтардың басын қосқан Салтанат сарайында «Балқаш-2019» республикалық дөңгелек үстелі өтті, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Шараның мақсаты еліміздегі экологиялық  жағдайдың бір шама жақсаруына үлес қосу. Балқаш сынды   өзгеде көлдердің   тартылып кетпеуінің  алдын алу шараларын ұйымдастыруға үндеу.

Шара барысында Балқаш көлі мен Іле-Алакөл бассейінінің мәселелерінің пайда болуы, динамикасы, қазіргі жағдайы  және    шешімдері қарастырылды.      Дөңгелек үстелге қатысушылар мен спикерлер «Балқаштың кеше-бүгін-ертеңі жайлы мәселелерімен оның шешу жолдары мен болашағы» туралы баяндамалар жасап, кәсіби пікірлерін ұсынды.

Дөңгелек үстелде «Экологиялық мәселелерді ғылыми зерттеу институтының» директоры Айжан Амангелдіқызы модератор қызметін атқарды. Аталған алқалы отырысқа еліміздің бас экологы  «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов, Байділдаев Қонысбек,  Осипов Сергей сынды елімізге танымал табиғат жанашырлары келді.

Балқаш  көлі  1960 жылдан бастап тартылуда, деп дабыл қаққан экологтар Аралдың күйін кешуінің  әбден мүмкін екенін айтты.

«Балқаш көлі тартылатын болса Алматы облысының барлық елді-мекені тұзды шаңға көміледі. Осының алдын алу үшін түрлі зерттеулер жүргізіп, бірлесе жұмыс жасауымыз керек»,-деді Мэлс Елеусізов.

Жиынға келген табиғат саласының өкілдері Балқаш көліне төнген қауіптердің себебін де тізіп айтып берді. Олар: Атом қалдықтары қоймаларының болуы. Өнеркәсіптің уытты қалдықтары агрожүйелер. Дамбалар мен бөгеттер Халықтың өсуі және су  көздердің ластануы.

Осы сынды өзгеде күрмеулі мәселелердің шешімін табу мақсатында зиялы қауым өкілдері ағымдағы жылдың желтоқсан айында «Экологиялық кодекске» өзгерту енгізіп оны үкіметке ұсынбақшы. Сонымен қатар келесі жылы көктемде халықаралық форум өткізуде жоспарда бар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басым назар аударатын бағыттары «Экономика, экология, қауіпсіздік» болғандықтан ел экологтарының бұл салада табысты еңбек етуіне бар жағдай жасалатынына сенім  мол. Сол себепті де алқалы жиынның қатысушылары өз кезегінде ғылыми зертеуді жалғастыратындықтарын жеткізді. Ал, жасалған істің жемісті болуына «қоғамдық бақылаудың» ықпалы зор екенін тілге тиек етті. «Су-өмір, су болса тіршілік болады» дейтін экологтар үкімет тарапынан қолдау көрсетілсе талай істің томағасын сыпырамыз деп тарқасты.

 Талғар-ақпарат